Үш баланың анасы қалай мыңдаған әйелге кәсіп бастауға көмектесті
Қазақстанның заманауи бизнес әлемінде нарық сұранысына жауап беріп қана қоймай, оның қалыптасуына да негіз болатын компаниялар бар. Солардың бірі – Ардақ Ахметованың 2019 жылдан бастау алатын Grand Business Consulting жобасы кәсіпкерлік, практикалық кеңес беру және жергілікті тауарларды қолдауды бір платформаға біріктірген.
Ардақ Ахметованың жобасы тек инновациялық іскерлік тәсілдерімен ерекшеленіп қалмайды, бұл – оның авторының жеке трансформациясының да үлгісі. Өйткені, ол үш баланы тәрбиелей отыра нарықта болмаған үздік платформа жасап, көшбасшылыққа ешқандай нәрсе кедергі болмайтынын дәлелдеді. Ардақтың өмірі мен еңбегі бүгінде кәсіп бастауға шешім қабылдаған мыңдаған әйелге үлгі. Еңбек еленбей қалған жоқ, Ардақ Ахметова көптеген ұлттық сыйлықтардың лауреаты болса, оның ішінде Қазақстан президенті экономиканы, әйелдер кәсіпкерлігін және цифрлық трансформацияны дамытуға қосқан үлесі үшін табыс еткен марапаттар да бар.
Ардақ Ахметова Grand Business Consulting компаниясын құруда алдына айқын мақсат қойды. Ол – консалтинг пен отандық брендтер маркетингін бір жүйеде оқыту және жаңа заманғы сауда-саттықтың жетекші әдістемелерін қолдану. Бұл модел Қазақстан үшін сол уақытта әрі жаңа, әрі бірегей болатын. Сонымен қатар, сауатты басқарушы ретінде Ардақ Ахметова стратегиялық менеджменттің заманауи тәсілдерін көрсетті. Автоматтандырылған сату жүйесін енгізуі негізгі шешімдердің бірі болды. Қазіргі күні бұл сату жүйесі жасанды интеллект негізінде жаңартылып, компанияның цифрлық платформасында оқыту және монетизация процестерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұл автоматтандыру құралы клиенттің жолын түбегейлі жаңа деңгейге көтеріп, ішкі процестердің тиімділігін де, бүкіл елдегі кәсіпкерлермен жұмыс тиімділігін де арттырды.
Grand Business Consulting платформасында оқу барысында нақты іскерлік сценарийлер қаралады. Мұндағы міндеттер: Қазақстанның отандық өнімдерінің танымалдығын арттыру және консультациялық тәжірибеге клиенттерді қатыстыру. Бұл ретте жергілікті өнім өндірушілер оқу барысының өзінде нақты бизнес жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Қарапайым тілмен түсіндірсек оқу бағдарламасына қосылған жан тәлімгер көмегін алады және нақты жұмыс істеп тұрған бизнестің иесі не дамып жатқан отандық брендтің өкілі болу үшін стратегиялық қолдауға ие болады.
Жоба санаулы жыл ішінде-ақ өзінің әлеуетін көрсете білді. Бұған нақты деректер дәлел:
- Білім беру бағдарламаларына 8 мыңнан астам адам қатысты;
- Компания 1200-ден астам бизнес жобаның іске қосылуына серпін берді;
- Платформа арқасында нарыққа көптеген шетелдік брендтер келіп, кең танымалдылыққа ие болды;
- Корпоративтік сектор өкілдері көптеп интернет сауда, білім беру саласын, агробизнес, тұрмыстық химия және азық-түлік тауарларының саудасы саласына бет бұрды.
"2000 жылдан бастап біздің компания шағын және орта бизнесті цифрландыру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, жаңа стартаптарды мемлекеттік және халықаралық деңгейде қолдау жобаларына белсенді қатысып келеді. Бұл еңбегіміз мемлекет тарапынан жоғары бағаға ие болса, сондай-ақ жобамызды АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында TechCrunch көрмесінде таныстырдық", – деді Ардақ Ахметова.
Айта кетейік, 2024 жылы қазанда Ардақ Ахметова Grand Business Consulting компаниясын және Global Grant University оқу бағдарламасын Сан-Францискода өткен көрмеде таныстырып, оның аясында Қазақстанның цифрлық даму министрімен кездесті.
"Ардақ Ахметова және оның командасын біз қазақстандық өнімдерді бизнестің әлемдік аренасында көрсете білетін жаңа буын басшылар ретінде бағалаймыз. Олардың кәсіпкерлік ортаны дамытуға қосып отырған үлесі өте зор", – деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев кездесу барысында.
Ардақ Ахметованың бизнесінің сәттілігінің бір сыры – оның халықаралық тәжірибені Қазақстан нарығына бейімдеп қана қоймай, жергілікті жерге тән, Қазақстанның мәдениеті мен экономикасымен өзара байланысты жұмыс моделін құра білуінде жатыр. Бұл тұрғыда Grand Business Consulting өзге консалтингтік қызмет көрсететін мекемелерден ерекшеленеді. Мұнда қызмет көрсетілмейді – нақты нәтижесі бар жобалар ұсынылады, ал идея толыққанды бизнеске айналады.
Grand Business Consulting экожүйесі жаңа буын кәсіпкерлерді қолдайды және жергілікті нарық шеңберінде өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл тұрғында Ардақ Ахметованың бизнес тәжірибесі – жобаның әлеуметтік және экономикалық маңызының жарқын үлгісі.