Қазақы төбет пен тазы жоғалудың алдында тұр. Кинологтар қазірдің өзінде таза қанды төбеттердің қалмағанын айтады. Мамандар осы иттерді сақтап қалу үшін тұқым қарау көрмесін өткізіп, шежіре жасап жатыр. Десе де әзірге нәтижелер қанағаттанарлық емес. 

Қазақы төбеттің санын көбейту жұмыстарының қалай жүріп жатқанын "Жеті қазына" ассоциациясының басшысы Сұлтан Ибрагимов айтып берді.