Көлік доңғалақтарын қашан ауыстыру керек. Мамандар биыл қыста ауа райы қандай болатынын айтты
Норма – көп жылдық ауа райының орташа мөлшері.
Маусымдық болжам бойынша ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшерінің болжамы шығарылады. Осының негізінде нормадан тыс өзгерісті немесе ауа температурасының күрт өзгеруін түсіндіреді.
Мамандардың айтуынша, келер жылы бұрынғы жылдармен салыстырғанда күн жылы, жайлы болады.
Оқи отырыңыз: Көлік салығын қалай төлеуге болады?
Ақпанда күн қатты суытады
"Қарашада Қазақстанның басым бөлегінде ауа температурасы қалыпты нормадан 1 градусқа жоғары. Желтоқсанда қаңтарға қарағанда жауын-шашынды болады. Бұл екі айда да қалпты нормадан 1 градусқа жылы болады.
Ақпандағы суыққа Каспийден және Сібірден ойысқан суық ағыс еліміздің солтүстік, шығыс және орта бөлектеріне ықпал етеді.Наурыз айында еліміздің басым бөлегінде ауа темпратурасы қалыпты нормадан 1°С жоғары болады. Жауын-шашын нормаға келеді", – деді орталықтың Ауа райын ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова.
Маусымдық болжам орташа есеппен 60-65%-ды ғана сәйкес келіп отыр. Сондықтан, маусымдық болжамды консультативті түрде пайдаланған абзал.
Оқи отырыңыз: Көлік іші салқын. Пешті қалай жөндеуге болады?
Көлік доңғалақтарын қашан алмастыру керек?
"Нұр-Сұлтанда алдағы күндері жауын-шашын болғанымен ауа темпратурасы біртіндеп жоғарлайды. Түнде 5-10°С, күндіз 8-13°С жылы болады. Ал қарашада алғашқы он күнінде ауа темпратурасы біртіндеп төмендейді.
Бірінші 10 күндіктің соңына қарай ауа темпратурасы түнде 5-10°С аяз болса, күндіз 0-5°С суық болады", – деді Жұлдыз Исабекова.
Сонымен бірге, солтүстік облыстарда қарашаның бірінші жартысында, оңтүстік облыстарда қарашаның екінші жартысы мен желтоқсанда алғашқы қар түседі деп болжанып отыр.
Оқи отырыңыз: Көлік терезесі буланбас үшін не істеу керек?
"Қазан айында күн жылы болады. Қарашаның алғашқы он күндігіне қарай қатқақ басталады. Сол үшін қарашаның басында көлік доңғалақтарын ауыстыруды ұсынамын", – деп қорытты болжамын Жұлдыз Исабекова.