Muftyat.kz сайтында жарияланған мәлімдемеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші мұсылман жамағатын келесі сақтық шараларға мән беруге шақырады:

  • маска тағу;
  • үйден дәрет алып келу;
  • намаздан соң қол беріп амандаспау;
  • намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
  • жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу.

Сондай-ақ, науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал екені ескертілді.

"Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет. Барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға үндейміз", – делінген мәлімдемеде.


Оқи отырыңыз: Ораза айт мерекесін үйде қалай өткізген жөн?