Қазақстанда бір тәулікте 31 мыңнан астам адам Covid-19-ға қарсы вакцина алды
Қазақстанда өткен тәулікте 31 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. 11 сәуірдегі мәліметтер бойынша, екпенің бірінші компонентін барлығы – 313 611 қазақстандық жасады. Ал, вакцинаның екі компонентін де 104 889 адам алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Оқи отырыңыз: Елордалық "Mega Silk Way" СОО-да коронавирусқа қарсы вакцинация жасау тестілік режимде басталды
Жаппай вакцина алу бойынша көшбасшылар – коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа кірген өңірлер ғана емес: Алматыда вакцинаның бірінші компонентін 69 690 адам алды. Ал, "жасыл" аймақтағы Түркістан облысында – 28 897 адам, Нұр-Сұлтанда – 28 341 адам салдырды.
Екпе салдырудан Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары тұрғындарының қарқыны бәсең. Маңғыстау облысында – 6 691, Атырау облысында – 7 500 және Қызылорда облысында 10 684 адам вакцинаның бірінші компонентін алды.