"Kaspi Bank" АҚ банктің мобильді қосымшасында болған техникалық ақау туралы пікір білдірді. Банк мәліметінше, қосымшадағы техникалық ақау ретке келтіріліп жатыр. Клиенттердің ақшасы жеке шотында сақтаулы.

"28 қазан күні Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау туындады. Салдарынан клиенттердің шотындағы қаржы сомасын қате көрсетіліп жатыр. Өкінішке қарай, картамен төлем жасау, банкоматтардан ақша алу, толықтыру, төлемдер мен аударымдар жасау уақытша мүмкін емес", – деп хабарлады банк өкілдері.

Компания барлығын тез арада қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан мұның кибершабуыл екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз. Клиенттердің қаражаты түгелдей өз қалпында және ақау ретке келтірілгеннен кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі", – деді банк өкілі.

28 қазан күні таңертеңнен бастап қазақстандықтар Kaspi Gold карталарынан ақшаның жоғалып кеткені туралы шағымданған болатын. Мобильді қосымша шоттағы ақшаны кем немесе өсіріп көрсеткен. Қосымша қызметтері қазір қолжетімсіз.

2018 жылы дәл осындай мәліметтерді қате көрсету жағдайы болғанда мұны банк бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық ақаулар болды деп түсіндірген болатын.

Кейінірек Kaspi Bank техникалық ақаулар жөнделгенін хабарлап, қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

"Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет жұмыс істеп тұр. Клиенттердің барлық қаражаты орнында және шотта дұрыс көрсетіледі. Қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және сүйікті клиенттерімізге қолдау білдіргені үшін рахмет айтамыз", – деді банк өкілдері.

Сондай-ақ, банк 29 қазан 4 қараша аралығында Kaspi QR арқылы жасалған Kaspi Gold және Kaspi Red-тің әрбір төлемі үшін 5% бонус сыйға тартады.

"Қара ниетті, жаман адамдар таратқан фейк хабарламаларға назар аудармаңыз. Біз әрқашан сүйікті клиенттерімізге кез-келген оқиға туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларымызда шынайы түрде хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

2018 жылы дәл осындай мәліметтерді қате көрсету жағдайы болғанда мұны банк бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық ақаулар орын алды деп түсіндірген болатын.