Құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін ойындарға шақырылған футболшылардың тізімін жария етті. 

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткеніндей, ел құрамасы 4 маусымда Скопьеде Тоше Проески атындағы стадионда Солтүстік Македония құрамасымен кездеседі. Ал 7 маусымда Аустрияның Вольфсберг қаласында Мальта командасымен бірге алаңға шығады. 

  • Қақпашылар: Дмитрий Непогодов ("Астана"), Стас Покатилов ("Қайрат"), Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз");
  • Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – "Тобыл"), Олжас Керімжанов ("Тұран"), Еркін Тапалов ("Ақжайық"), Мақсат Тәйкенов ("Каспий"), Әлібек Қасым, Нұрлан Дайыров (екеуі де – "Қызыл-Жар"), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де – "Қайрат");
  • Жартылай қорғаушылар: Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (екеуі де – "Астана"), Асхат Тағыберген, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев (барлығы – "Тобыл"), Владислав Васильев ("Энергетик-БГУ", Беларусь), Еркебұлан Тұңғышбаев ("Ордабасы"), Бауыржан Байтана ("Тараз");
  • Шабуылшылар: Роман Мұртазаев ("Астана"), Таңат Нөсербаев ("Тұран"), Артур Шушеначев ("Қайрат"), Алексей Щеткин ("Ротор", Ресей).
  • Қосалқы құрам. Қақпашылар: Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Игорь Шацкий ("Шахтер");
  • Қорғаушылар: Темірлан Ерланов ("Ордабасы"), Тимур Рудосельский ("Қайсар"), Карам Сұлтанов, Михаил Габышев (екеуі де – "Шахтер");
  • Жартылай қорғаушылар: Максим Федин ("Ақтөбе"), Рамазан Оразов ("Чайка", Ресей);
  • Шабуылшы: Абат Айымбетов ("Астана").
  • Бапкерлер штабы: Талғат Байсуфинов – бас бапкер, Игорь Свечников, Сергей Калюбин – бас бапкердің көмекшілері, Марат Еслямов – дене даярлығы, Николай Родионов – қақпашылардың жаттықтырушысы.