ДДСҰ басшысы коронавирусқа қарсы екпе алды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус коронавирусқа қарсы екпе алды. Бұл туралы ол сәрсенбі күні кешке өзінің Twitter парақшасында жазды.
"Менің де вакцина алатын кезегім келді. Женевадағы Университеттік ауруханада COVID-19-қа қарсы вакцина салдырдым", – деп жазды Гебрейесус.
ДДСҰ басшысы вакцина адам өмірін сақтайтынын, сондықтан оның барлық елде болуы өте маңызды екенін айтты.
"Егер сіз де мен сияқты вакцинасы бар елде тұрсаңыз, кезегіңіз келгенде вакцина алаңыз", – деді Гебресйесус .