Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар жіберген хабарламада көрсетілген. Олжас Отар осыған дейінде тілшімізге берген сұхбатында салықтық берешегі бар жеке тұлғалардың аты-жөндерін жариялауға мәжбүр болғандарын, оның заңға қайшы емес екенін айтқан.

– Тізімді бастаған қарағандылық Асқар Набиевтің жер салығы бойынша (Бюджеттік сыныптама коды – БСК 104302) негізгі борыш сомасы – 37 163 849 теңге, есептелген өсімпұлы – 28 192 533 теңге. Жалпы қарызы – 65 356 383 теңге, – деді Олжас Отар.

Борышкерлердің мемлекет алдындағы қарызының жалпы сомасы 286 019 395 теңгені құрап отыр. Оның 175 354 401 теңгесі – негізгі борышы, ал қалған 110 664 995 теңгесі – өсімпұл.

Өсімпұлы салықтық қарыздан асып кетккен адамдар да бар

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Талғатбек Ілиясовтың жер салығы бойынша жалпы берешек сомасы – 19 050 875 теңге, оның ішінде негізгі борышы – 8 685 027 теңге, өсімпұлы – 10 365 848 тенге.

Көлік салығы (БСК 104402) бойынша борышкерлер тізімін тағы да Қарағанды облысы бастап отыр. Фадис Мустакимов бұл салық түрі бойынша жалпы 6 081 323 теңге қарыз жинаған. Оның төлеуі тиіс негізгі сомасы – 4 059 318 теңге, есептелген өсімпұлы – 2 022 005 теңге.

Мүлік салығы (БСК 104102) бойынша да қарыз жинап үлгергендер бар. Мысалы, Жамбыл облысының тұрғыны Ерлан Токсанбаевтың жалпы берешегі – 576 191 теңге болса, оның ішінде негізгі борышы – 335 811 теңге, өсімпұлы – 240 380 теңге.

Салықтық берешегі ең көп жүз тұлғанының ішінде Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының азаматтары жоқ.

Мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешегі ең көп 100 азаматтың тізімі:


Салықтық берешегі ең көп 10 азамат / Кестені жасаған informburo.kz

Толық тізімінің сілтемесі.

Мүлік, жер, көлік салығы бойынша берешегі бар азаматтардың жалпы тізімі баспасөз хабарламасына тіркелген қосымшада көрсетілген. Айта кетейік, мемлекеттік кірістер органдары салық бойынша берешегі барлардың тізімін жариялау үрдісін алдағы уақытта да жалғастыруды көздеп отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда салықтық рақымшылық жүріп жатыр: биылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) негізгі борыш сомасын төлеген азаматтардың өсімпұлы есептен шығарылатын болады.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша тексере алады.