Биыл ақылы жүйе І санаттағы автожолдардың 5 учаскесінде іске қосылады
Төлемақы учаскенің техникалық санатқа толық сәйкестігі қамтамасыз етілгеннен кейін ғана алынады.Биыл ақылы жүйе І санаттағы автожолдардың 5 учаскесінде іске қосылады. Олар:
- "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" (Қайнар – Тараз, Тараз – Шымкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Ташкент);
- Щучинск – Көкшетау, Қапшағай – Талдықорған (Талдықорған қаласының айналма жолы);
- Нұр-Сұлтан – Павлодар;
- Ақтау – Жетібай – Жаңаөзен;
- Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар қалаларының айналма жолдары.
Қазіргі таңда жұмыс тобы аталған учаскелерге қызметтік сапарлар ұйымдастырып, олардың жағдайын тексеруде. Төлемақы учаскенің техникалық санатқа толық сәйкестігі қамтамасыз етілгеннен кейін ғана алынады.
Оқи отырыңыз: Индустрия министрі: Әлі жөнделмеген жолдар үшін ақы талап етілмейді
Жаңа ақылы учаскелердегі төлемақы мөлшері қолданыстағы ақылы жолдарға (Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр – Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас) сәйкес есептеледі. Қолданыстағы төлем мөлшерлемелері 2013 жылы енгізілген және одан бері өзгеріске ұшырамаған. "ҚазАвтоЖол" АҚ тарифті қымбаттату мәселесі қарастырылмағанын хабарлады:
- Жеңіл көліктер үшін 1 шақырым үшін – 1 теңге. Ақылы учаскеге қарасты елді мекенде тіркелген жеңіл автокөлік иелеріне құны 1 000 теңгені құрайтын бір жылдық абонемент бар;
- Автобустар отыратын орын санына байланысты 1 шақырым үшін – 5 теңгеден 15 теңгеге дейін. Қалааралық және жергілікті рейстік автобустар төлемақыдан босатылған;
- Жүк көліктерінің жүк көтергіштігіне байланысты 1 шақырым үшін – 5 теңгеден 25 теңгеге дейін.