"Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушылардың Қазақстан бойынша лимиті 5 000 өтінімнен 7 500-ге ұлғайтылды, деп хабарлады Отбасы банкі.

Бағдарлама жергілікті әкімдікте баспанаға мұқтаж ретінде кезекте келесі санаттар бойынша тіркелген тұлғалар қатыса алады:

  • мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көп балалы отбасылар (оның ішінде Алтын алқа, Күміс алқа, I және II дәрежелі Ана даңқы наградалары немесе Батыр Ана атағы бар көп балалы аналар);
  • толық емес отбасылар (неке бұзу жағдайы болса, ажырасқан уақыттан 3 жыл өтуі тиіс).

Бағдарламаға қатысуға барлығы 37 592 өтінім келіп түскен.


Оқи отырыңыз: "Бақытты отбасымен" баспаналы болғандар. 2%-бен үй алғандар не дейді?