Қазақстандағы Президент сайлауы: әлеуметік желіде не жазуға болады, нені жазуға болмайды?
Informburo.kz Internews Kazakhstan заңгері О.Диденко мен "Әділ сөз" Халықаралық қорының заңгері Т.Семахинадан осы мерзімнен бастап сайлау аяқталғанға дейін қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде не жазуға болатыны туралы сұрап көрді.
№1. Бүгіннен бастап әлеуметтік желіде не істеуге болмайды?
Сайлауға 5 күн қалғаннан бастап, яғни 4 маусымнан бастап интернетте қоғамдық пікір жариялауға, сайлау қорытындыларын болжауға, басқа да сайлауға қатысты зерттеулерді жазуға, кандидаттарды қолдауға дауыс беру жұмыстарын жүргізуге болмайды.
№2. Тыныштық күні әлеуметтік желіде не жазуға болмайды?
8 маусым – сайлау алдындағы тыныштық күні. Бұл күні сайлау алды үгіттеу жұмыстары аяқталады, кандидаттарды үгіттеу материалдарын жариялауға болмайды.
8 маусымда интернетке бұрын салынған үгіттеу материалдары ғана өз орнын сақтауы мүмкін. Осыған дейін жарияланған материалдарды интернет-ресурстардың бірінші бетіне шығаруға болмайды.
№3. Сайлау күні әлеуметтік желілерде нені жариялауға тиым салынады?
Желі қолданылушыларына сауалнама жүргізуге ( онлайн да, оффлайн да), сонымен қатар үгіттеуге, тіпті өз ойынша алдын ала сайлау қорытындысына талдау жасауға да кеңес берілмейді.
Журналистер тек редакцияның тапсырмасымен сайлаудың барасы туралы жазып, жариялай алады. Сондықтан блогер немесе әлеуметтік желі қолданушысы тіркелген БАҚ-тың тапсырмасынсыз дауыс беру барысын бақылай алмайды, фото-видеоға түсіре алмайды, тіпті дауысты санауды қадағалай алмайды, сондай-ақ сайлаушыға кіру барысында жәшікті бірге арып жүре алмайды.
№4. Сайлауға баруға шақыру құқық бұзу болып санала ма?
Егер тек сайлауға бару туралы айтылса, ол сайлау алды үгіттеу болып саналмауы керек. Сәйкесінше желі қолданушысы жауапқа тартылмауы тиіс. Егер белгілі бір кандидатқа дауыс беруге шақырса, бұл үгіттеу үшін оған айыппұл салынуы мүмкін.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Выборы президента Казахстана: что можно писать в соцсетях, а что нельзя?
№5. Тыныштық күні "Мен сайлауға барамын" деп жазуға бола ма?
Иә, болады. Алайда, егер сіз қай кандидатқа дауыс беретініңізді көрсетсеңіз, онда тыныштық күні үгіттеп жатыр деп есептеуі мүмкін.
№6. Сайлау күні кімге дауыс бергенім туралы жаза аламын ба?
Әлеуметтік желіде кімге дауыс бергеніңізді жазуға кеңес бермейміз. Сайлау аяқталғанша кімге дауыс бергеніңізді жазғаныңыз белгілі бір үміткерді көрсету деп есептелуіп, үгіттеп отырғаныңыз ретінде танылуы ғажап емес.
№7. Мен журналист емесмін, жай әлеуметтік желіде жазамын. Мені не үшін жазалауы мүмкін?
"Әлеуметтк желі қолданушылары үшін басты қауіптілік – қолданыстағы заңнама нормаларының шиеленіске толы болуында. Пайдалана отырып, бір жағдайда біз желі қолданушысы БАҚ болып табылмайтынын дәлелдей аламыз, тағы бір жағдайда кез келген аккаунт – бұл БАҚ екеніне көз жеткізуге болады.
БАҚ үшін сайлау алды кезеңдерде көп шектеу бар. Егер бүгінгі жағдайды ескерсек, Қазақстандағы сөз бостандығы саласында кем дегенде әкімшілік жауапкершілікке тартыру қаупі бар" деп түсіндірді "Әділ сөз" халықаралық қорының заңгері Тамара Семахина.
№8. Блогерге не жазуға болады?
№9. Құқық бұзушыларға қандай жаза қолданылады?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте 2 бап бар: 120 бап – "Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу" және 102 бап – "Сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу".
Сауалнама жүргізген үшін салынатын айыппұл: 10 АЕК-тен (25 250 теңге) 30 АЕК-ке (75 750 тенге) дейін. Заңсыз үгіттегені үшін – 15 АЕК(37 875 тенге).
Авторы Серикжан Маулетбай.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.