Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

"Бүгін таңертең коронавирус жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Бірі - әйел адам, екіншісі – ер адам. 1959 жылғы әйел Алматыдағы инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Ол таяуда Мәскеуден ұшып келген, коронавирус жұқтырған ер адамның жұбайы", деді министр.

Оқи отырыңыз: Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары

Ал, 1995 жылғы ер адам кеше Сеул қаласынан Алматыға ұшып келген. Министрдің айтуынша, ол азаматпен бірге ұшып келген жолаушылар қалаға кіргізілмей, бірден карантинге жатқызылған.

Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:

  • қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
  • қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
  • көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
  • науқас адамдармен байланысқа түспеу;
  • салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Оқи отырыңыз: Коронавирус Қазақстанда: оқиғалар хронологиясы. Алғашқы екі күн

Қазір Қазақстанда 1 425 адам станционарлық карантинде, ал 545 адам үй карантинінде жатыр.

Вирусқа күдік пайда болса, қайда хабарласу керек?

  • тұрғылықты жері бойынша емханаға;
  • қалалық инфекциялық ауруханаға;
  • 103 номері бойынша;
  • Денсаулық сақтау министрлігінің 1406 жедел желі номері бойынша;
  • 382-35-36; 382-33-50 жедел желі номерлері бойынша хабарласуға болады.