Қазақстанда балалар аутизмін ерте анықтайтын дәрігер жоққа жақын. Жаңалықтарға шолу
Астанада 10 жасқа дейінгі балалар арасында теннистен чемпионат басталды
Турнирде еліміздің әр өңірінен 120 жуық жас теннисші өнер көрсетеді. Жарыс екі күнге созылады. "10-ға дейінгі теннис" жаңа бағдарламасының аясында Қазақстанда 40 мектеп пен 34 бала-бақшадан 2600 бала тенниспен тегін айналысып жүр.
Рахат Әлиев ісі: Алматы соты Вадим Кошлякты сырттай қамауға алды
ҚР Президентінің күзет қызметінің бұрынғы қызметкеріне 1 қазанда іздеу жарияланды. Оны екі айға тұтқынға алу туралы жаза тағайындалды. В.Кошляк ҚР ҚК 181 бабы 3 бөлімінің ("Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіре отырып, қорқытып алушылық" ) 2 тармағы бойынша айыпты деп танылған.
17 мың мұғалім ұлттық біліктілік тестін тапсыра алмады
Тестілеуге қатысқан 51 мың мұғалімнің 34 мыңы оны сәтті тапсырған. Оның ішінде: педагог-модератор – 10346 (72%), педагог-сарапшы – 12215 (65%), педагог-зерттеуші – 10957 (65%) және педагог-шебер – 667 (53%). Өткен тестілеумен салыстырғанда биылғы тестілеуде шекті деңгейден өткен педагогтардың саны артқан.
Алматыда шетелдік мигранттарға жұмысқа орналасуға рұқсат беру мерзімі қысқартылды
Бұрын процес 3 айға созылса, қазір олар рұқсатты 30-45 күнде алып үлгереді. Алматы – elicense.kz арқылы құжаттарды электронды нұсқада беруге көшкен еліміздегі ең алғашқы аймақ. Мұнда қазір шетелдік жұмыс күші тартылған 14 мың кәсіпорын бар. Қалада 45 мың шетел азаматы тұрады.
Қазақстанда балалар аутизмін ерте анықтайтын дәрігер жоққа жақын
Дертті уақтылы анықтау үшін балаларды бір жастан бастап қарау керек дейді дәрігерлер. Бұл кезде олардың көру, сөйлеу дағдысы жойылып, мінез-құлқы өзгере бастайды. Мамандардың айтуынша, елімізде микропсихиатрия дамымаған. Психиатрларға балалар ең ерте дегенде 3 жастан бастап жіберіледі. Аймақтарда тіпті 5 жастан бастап қаралады. Ақырында мамандарға баланың мүгедектігін өте кеш анықтайды дейді олар.
Қазақтанның даму банкі студенттерді тағылымдамадан өткізуге гранттар бөлді
Инженерлік-техникалық мамандықтардың 30 жуық 3-4 курс студенттері мен түлектері банктің "Керек адам" жобасы бойынша еліміздегі ірі кәсіпорындардан тағылымдамадан өтеді.
Мұрағат анықтамаларын беру мерзімі 47 күннен 10 күнге қысқарды
Құқықтық статистика комитетінің анықтамасын енді "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясынан алуға болады. Бұл үшін ЖСН арқылы egov порталында тіркеліп, "Қызметті онлайн алу" тетігін басу керек.
"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" жаңа несие өнімдерін әзірлейді
Қазақстандық БАҚ не жазды:
Inform.kz: Балалар қандай заттарды жұтып қояды? Дәрігерлердің айтуынша, елімізде зардап шегуші балалар саны жыл санап артып келеді. Өткен жылы осындай 159 жағдай кездессе, биылғы 10 айдың өзінде осынша бала ем іздеп, ауруханаға жүгінген. Көп жағдайда олар ұсақ тұрмыстық заттарды, ойыншық бөлшектерін жұтып қояды. Оның ішінде батарейка, магнит, шеге секілді өткір әрі қауіпті заттар да кездеседі.
Ktk.kz: Қандай адамдар қызғаншақ? АҚШ ғалымдары жиі қызғанатын адамдар санатын анықтады. Ғалымдар жастарды ең қызғаншақтарға жатқызған. Жасы ұлғайған сайын адамның эмоцияға берілуі де бәсеңдейді. Нильс Ван де Вен Tilburg (Нидерланды) университетінің психологы қызғаныштың екі жүзі бар деп санайды. Олардың біреуі — жұмсақ, таңданыс, таңдай қағу, сұқтану, таңырқаумен шектеледі. Екінші — қызғанған адамына қиындық тудырып, барын тартып алу, қолындағысын жұлып әкету, жамандық ойлау.