Атырауда Nur Otan партиясы үміткерлері үгіт-насихат жұмысын жүргізуде
Келелі кездесуге Nur Otan партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты болуға Бейбіт Мырзағалиев, Nur Otan партиясынан Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Айгүл Әмірғалиева, Атырау қалалық сайлауалды штабының өкілі Жаңылсын Кенжеғалиева қатысты.
Nur Otan партиясының бағдарламасы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған жиында үміткерлер институт ұстаздарының ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға да көп көңіл бөлді. Партиялық ұстаным сондай: сайлаушылардың ой-пікірі ескерусіз қалмауы тиіс. Осы орайда ұстаздар экология мәселесі мен білім саласына қатысты өз ойларын ортаға салды. Үміткерлер айтылған ұсыныстардың барлығы да бүгінгі күннің ең маңызды мәселелері екені туралы айта келіп, олардың партияның бағдарламасында көтеріліп отырғанын жеткізді. Емен-жарқын әңгіме барысында айтылған өзге де ұсыныстарды партия ескерусіз қалдырмайды.
Кездесуді қортындылай келе үміткерлер басқосуда болған ардагер ұстаздарды және жалпы ұстаздар қауымын Nur Otan партиясын қолдап бірауыздан дауыс беруге шақырды.
Жеңімпаздар қатарында болыңыз! Nur Otan партиясына дауыс беріңіз! ☑
Nur Otan партиясы Атырау облысы Атырау қаласының сайлау қоры қаражатынан төленді. Материалды толық күйінде не оның бөліктерін қолдануға тыйым салынады.