"Бұл пилоттық жоба. №20 бағыттағы 13 автобусқа кез-келген банктің VISA картасын оқитын валидаторлар орнатылды. Жүргіншілер ертеңнен бастап бұл жүйені пайдалана алады", – Астана LRT ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сеитов.

Айтуынша, сынақ мерзім аяқталғаннан кейін жобаны кеңейтіп, қаланы толықтай қамтуды қолға алады.

Жыл соңына дейін № 20 маршрутта VISA картасымен төлеген жолаушылар үшін жолақы 45 теңге болады.


Фото informburo.kz

Картаңызда сымсыз төлеу (Wi Fi белгісі ) болса, төлем жасау үшін картаны валидаторға тигізу жеткілікті.

"Тексеруді көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жүргізеді. Олардағы терминалдарды біз жүйеге икемдеп қойдық. Олар VISA картасымен өткізілген төлемді де көре алады", – деді Астана LRT ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Науат Азанбаева.