Алматы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақпан айының басынан бері қалада 232 295 адамға екпе салынған. Олардың ішінде 25 сәуірден бері 2 723 адам QazVaс екпесін алған. Ал Спутник-V вакцинасының екінші компонентін алып үлгергендер саны – 87 214.

Бүгіннен бастап Алматыда Hayat-Vax вакцинасы да салына бастады. Тиісінше, енді қазақстандықтар Спутник-V, QazVaс және Hayat-Vax вакциналарының бірін таңдау құқығына ие.


Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазына" қоры БАӘ-нде жасалған Hayat-Vax қытайлық вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды


Қалада вакцина салдыратын 211 пункт болса, оларда дәрігерлердің 402 бригадасы жұмыс істейді.

PS. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордада Hayat-Vax вакцинасы 6 мамырдан бастап салынатынын хабарлады. Басқармаға қарасты қоймаларға 7400 доза вакцина жеткізілген.