2021 жылы 10 наурыз бен 31 наурыз аралығында "Алматы жастары" жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына 9 741 өтініш келіп түсті. 30 сәуірде бағдарлама қорытындысы жарияланып, алғашқы 500 үміткерге тұрғын үй алуға жолдама берілді. Келесі 500 үміткер тізімі бір аптадан соң шығады. Бағдарлама қатысушылары жолдама алған-алмағанын almaty-zhastary.kz сайтындағы "Жолдама алған адамдардың тізімі" бөлімінен немесе жеке кабинетке кіріп біле алады.