Алматы метросының барлық станциялары тегін Wi-Fi-мен жабдықталды. Бұл туралы метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлады.

Байланыс метроға кіре берісте, станцияға түскенге дейін жасалуы керек. Wi-Fi-ға қол жеткізу үшін сізге Metro Wi-Fi желісіне қосылу қажет, пайдаланушы автоматты түрде сәйкестендіру парағына бағытталады. Мұнда сіз ашылған жолаққа телефон нөміріңізді енгізіп, байланысты растауыңыз керек.

 

Бұған дейін Алматы метрополитенінде Wi-Fi қосылғаны, бірақ тестілеудің шектеулі нұсқасында жұмыс істейтіні хабарланған болатын.


Оқи отырыңыз: Алматыда метроның "Достық", "Сарыарқа" бекеттері бітпей жатып, "Қалқаманның" құрылысы басталды