Алматы мен Нұр-Сұлтанда демалыс күндері карантин шаралары күшейтіледі
Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі комиссиялар эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдады.
Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді
27-28 маусымда елордада тек үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Жұмыс кестесі – 10.00-ден 17.00-ге дейін.
- сауда орталықтары;
- сауда үйлері;
- желілік дүкендер;
- жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар;
- базарлар/дүкендер қызметі тоқтатылады.
Демалыс күндері қала тұрғындарына жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне, дәріханаға барудан, медициналық қызмет көрсетуден немесе қызметіне рұқсат етілген жұмысқа барудан басқа үйден шығуға тыйым салынады.
⠀
Дәріханалар мен қоғамдық тамақтандыру нысандарының көше форматындағы ашық ауада (ғимарат сыртынды) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар ғана жұмыс істейді. Тіпті базарлар да жабық болады. Әкімдік қала тұрғындарына сенбіге дейін қажетті өнімдерді сатып алуға кеңес береді.
Демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жүргізіледі. 29 маусымда қоғамдық көлік бұрынғы режимге оралады.
⠀
Сонымен қатар, барлық қоғамдық орындар:
- саябақтар;
- скверлер;
- жағалаулар;
- жағажайлар және басқа да адамдар көп жиналатын орындар жабылады.
Алматыда патруль қызметі күшейтіледі
27-28 маусымда коронавирус таралу қаупі жоғары жабық нысандардың қызметі тоқтатылатын болады:
- ірі сауда желілері (азық түлік, азық түлік емес), үйдегі дүкендер түріндегі филиалдарын қоспағанда;
- жабық базарлар (азық-түліктік, азық-түліктік емес, әмбебап), сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері;
- қоғамдық тамақтану нысандары, көше форматынағы ашық ауадағы нысандарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып;
- фитнес-орталықтар.
Аталған нысандарда санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізіледі.
Ашық даладағы көше форматында әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтаған жағдайды қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне рұқсат етілген.
Қоғамдық көліктер де осы демалыста қызметін тоқтатады.
Оқи отырыңыз: Дене қызуы көтерілсе, қалай түсірген жөн және үй жағдайында емделген дұрыс па? Дәрігер кеңесі
Қосымша шектеу шараларына байланысты азаматтардың қала бойынша қозғалысы шектеледі. Тәуекел тобына кіретін адамдарға, әсіресе егде адамдарға үйде қалу ұсынылады.
Эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін жеке жауапкершілікке тарту қарастырылған. Полиция қызметкерлері тарапынан адамдар көп жиналатын орындарда енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеу күшейтіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтар 1308 нөмірі бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдауына хабарласа алады.