Ақпаратты елорданың мәдениет басқармасының баспасөз қызметі растады.

Ол 1984 жылы 29 сәуірде өмірге келді. Белгілі театр және кино әртісі, сазгер және орындаушы, тележүргізуші. "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдады. 2013 жылы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алды.

Нұрлан Әлімжанов 2019 жылы жазда мәжіліске депутат болып келді. Ал 2021 жылы 10 қаңтарда мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Алайда Әлімжанов төменгі палатаның жаңа құрамына енген жоқ.