Іс-шара елордалық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда өтті. Елорда тұрғындары мен қонақтары өздерін арқан тарту, асық ату, гір спорты, армрестлинг, грэпплинг, мини-футбол, bicycle motoxtreme және стритбол сияқты спорттың 9 түрінен сынап көрді.





– "Qazaqstan Jastar Fest" фестивалі Елбасы жариялаған Жастар жылы аясында өтіп жатыр. ҚР Президенті Жолдауында халықты спортпен айналысуға шақырды. Барлығы аулада спортпен шұғылданғаннан басталады. Алдымен балалар аулада, мектепте жаттығады. Сосын барып спортпен кәсіби түрде айналыса бастайды және чемпион атанады. Бұқаралық спортты дамыту үшін көптеген жұмыстар атқарылуда: жаңа саябақтар, жаңа спорт кешендері салынуда. Тұтас спорттық кластер пайда болды. Біз жұмысты одан әрі жалғастырамыз, – деді А.Көлгінов.



Қала әкімі жастарды спортпен айналысуға және 8 қыркүйекте өтетін "Astana marathon-2019"–ға қатысуға шақырды. Мәдениет және спорт министрі А.Раимқұлова "Qazaqstan Jastar Fest" фестивалі елордада бастау алып, еліміздің барлық аймақтарында өтетінін атап өтті.