Екі күн бойы Маңғыстау даласын отты өлең-жырға бөлеген республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті, деп хабарлайды Информбюро Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген сөз сайысына Қазақстанның әр өңірінен 18 ақын қатысты. Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Жүрсін Ерман жүргізсе, Светқали Нұржан, Ғалым Жайлыбай, Әділет Қабылов, Бауыржан Халиолла, Сұлтанбек Құдайберген бастаған ел ағалары қазылық етті.

Айтыс жеңімпаздары: 

  • Бас жүлде – Жансая Мусина, сыйлық – 2 млн теңгенің сертификаты.
  • Бірінші орын – Арғынбек Қалбаев, сыйлық – 1 млн теңгенің сертификаты.
  • Екінші орын – Төлеген Жаманов, Қазырет Бердіхан, Нұрлан Мұсаев, әрбірінің сыйлығы – 600 мың теңге.
  • Үшінші орын – Аспанбек Шұғатаев, Абай Жолмағанбетов, Шалқарбай Ізбасаров, әрбірінің сыйлығы – 500 мың теңге.

Оқи отырыңыз: Биыл Қазақстанда 80-ге жуық ақындар айтысы өтеді


Сонымен қатар, арнайы жүлдемен батысқазақстандық Талғат Мықи, ақтөбелік Марат Ахметов, маңғыстаулық Алшын Суемов марапатталып, 300 мың теңгеден ақшалай сыйлыққа ие болды.

Алғыс хатпен және 200 мың теңге ақшалай сыйлықпен семейлік ақын Рүстем Қайыртайұлы, Шымкент қаласынан Біржан Байтуов, қостанайлық Тоба Өтепбаев, қарағандылық Тілеген Әділов, маңғыстаулық Азамат Орынбасаров, Райымбек Түзелов, Зейнетолла Қосымбаевтар марапатталды.