17 сәуірден бастап Алматыда Ashyq жобасына қосылған кинотеатрлар жұмыс істейді
Коронавирус анықталған немесе байланыста болған келушілердің билет ақысы қайтарылып беріледі.17 сәуірден бастап Алматыда Ashyq жобасына қосылған кинотеатрлар жұмыс істейді. Бұл туралы қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
Ashyq қосымшасымен QR-сканерлеу арқылы "қызыл" (ауыратын) және "сары" (байланыста болған) түсті мәртебе анықталған кинотеатр келушілеріне билет ақысы қайтарылады.
"17 сәуірден бастап Алматыда кинтеатрлар Asyq қосымшасы бойынша жұмыс істейді. Билет кассалары аумағына кіреберісте келушілерді QR-кодпен сканерлеу жүргізіледі. "Қызыл" және "сары" мәртебе анықталса билет қайтарылып, ақысы беріледі", – деді ол.
Кинотеатр кіреберісінде бес жасқа дейінгі балалар QR-код сканерлеуден босатылады. Балалар арасында Covid-19 таралуы жағдайына қарай сканерлеу жасы қайта қаралады.
9-15 сәуір аралығында фитнес-орталық, SPA-салон және басқа да нысандарға кіру кезінде 235 алматылықтан "қызыл" (211) және "сары" (24) мәртебе анықталған.