Қазақстан шахмат федерациясы 2021 жылдың 11 маусымда әйелдер арасындағы Queens’ Festival жаһандық онлайн шахмат фестивалі басталатынын хабарлады. Оның шеңберінде әйелдердің шахмат бойынша континенталдық және жаһандық турнирлер мен білім беру іс-шаралары өткізіледі.

Netflix арнасының "Патшайымның гамбиті" (Queen`s Gambit) сериалының танымалдығы мен жетістігіне негізделген бұл іс-шара дүние жүзіндегі әйел шахматшыларды, шахмат ойының ұйымдастырушыларды, төрешілерді, ықпал етушілерді, көшбасшыларды және түрлі деңгейлердегі шахматшыларды біріктіріп көтермелейді. Азия, Америка, Африка және Еуропа шахматшылары Queen`s Finals жеке және командалық финалға өту мүмкіндігі үшін алдымен онлайн блиц квалификациялық турнирде бақ сынайды.


Оқи отырыңыз: Президент Жансая Әбдімәлікті ерлер арасындағы гроссмейстер атағын иеленуімен құттықтады


Турнирге қатысуға өтінішті 5 маусымға дейін Қазақстандық шахмат федерациясының office@kazchess.kz электронды мекен-жайына жіберу қажет.

Фестиваль аясында FIDE Басқарушы директоры Дана Рейзниеце-Озола, қазақстандық әйелдер гроссмейстері Динара Садуақасова және басқа да арнайы қонақтардың қатысуымен семинарлар мен түрлі іс-шаралар өтеді.