Үлкен Алматы айналма жолымен жүру ақысы тағы да қымбаттайды. Бұл жолы 2 есе

Фото: Информбюро порталы
Фото: Информбюро порталы
Жолақыны 15 күн ішінде төлеген жағдайда – 50 пайыздық жеңілдік жасалады.

Көлік министрлігі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысын арттыруды көздеп отыр. Жаңа тарифке сәйкес, баға екі есе өседі: 

  • Жеңіл автомобильдер үшін – 0,14 АЕК;
  • 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,16 АЕК;
  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,28 АЕК;
  • 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін – 0,32 АЕК;
  • Жүк көтергіштігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі автомобильдер үшін – 0,4 АЕК;
  • Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар автомобильдер үшін – 0,44 АЕК. 

Сәйкесінше, айлық және жылдық абонементтер құны да екі есе өседі. 

Көлік министрлігінің түсіндіруінше, бұл өзгеріс жолақысын уақытылы төлеу мақсатында енгізіліп отыр. Осы орайда, жол ақысын 15 күннен кешіктірмей төлеген жолаушылар 50 пайыздық жеңілдікке ие болады. 

Еске салайық, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен жүру ақысы 2024 жылғы қаңтарда да өскен болатын. 


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз