Тікелей эфир

Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктер біржолғы төлем алады. Оны қалай рәсімдейді?

Ақтөбе қаласы тұрғындары мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы – 300 мың теңге.

Су тасқынынан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған тұрғындар біржолғы төлем ала алады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігі. 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлназ Сисенованың айтуынша, біржолғы төлемді алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуы қажет.

"Ақтөбе қаласы тұрғындары мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы – 300 мың теңге. Басқа аудандардың тұрғындары үшін – 100 АЕК (1 АЕК = 3 692 теңге) мөлшерінде. Төлем алуға келетіндер жұмыспен қамту бөліміне Штаб комиссиясының қорытындысы негізінде Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама алып келуі керек. Бөлім қызметкерлері барлық ақпаратты 8 жұмыс күні ішінде тексеред", – делінген әкімдік хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Су тасқынынан зиян шеккендерге мемлекет пен үкімет қаржылай көмектеседі


Егер анықтамадағы ақпарат расталса, өтініш беруші біржолғы төлемді 3 жұмыс күні ішінде алады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары