Аязға байланысты бірнеше өңірдегі мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшті.
Семейде бүгін аяз бен қатты желдің салдарынан бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары үйінде қалды. Облыста да мектептегі сабақтар тоқтатылды.
Павлодарда -30 гардус. Бірінші ауысымда 1-11 сынып оқушыларының барлығы оқымайды.
Қостанайда таңертең ауа температурасы -23 шамасында, жел соғады. 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Аяз беті қайтпаған аудандарда да үлкен сынып оқушылары үшін де сабақтар тоқтатылды.
Өскеменде ауа температурасы -25 -33 градусқа дейін төмендеп, қатты жел тұрады, бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сыныптар қашықтан оқытуға көшті.
Қазақстанның бас қаласы Астанада бірінші ауысымдағы мектептер және колледждің бірінші және екінші курс студенттері үйден білім алып жатыр. Екінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақтар тоқтатылуы мүмкін.
lw-3094948329-1
USD:
510.5 / 513.1
EUR:
600.0 / 604.5
RUB:
6.43 / 6.55