Астанадан Қызылордаға күнделікті рейс іске қосылады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
13 қаңтардан бастап Астанадан Қызылордаға күнделікті тұрақты түрде жолаушылар ұшағы ұшатын болды. Бұл бағыттағы рейстерді Qazaq Air әуекомпаниясы жүзеге асырады.
- IQ 425 Астана (17:50) – Қызылорда (19:40)
- IQ 426 Қызылорда (20:10) – Ақтөбе (22:10) бағытында ұшады.
Ведомствоның мәліметінше, күнделікті тұрақты рейстер Қызылорда облысының сауда-экономикалық, туристік әлеуетін дамытады, сонымен қатар көлік қызметтері қолжетімді болады.