Астанада жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Екі жолаушы зардап шекті

Астанада жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Қалалық полциия департаменті алдын ала мәліметтер бойынша, автобус Ұлы Дала даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан.

"Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі жолаушы медициналық мекемеге тексеріп, қажет көмек алу үшін жеткізілді", – деп хабарлайды департамент.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, рөлде мұқият болуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жылдамдық режимін қатаң ұстануға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз