USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Алматының Наурызбай ауданындағы 100 мыңнан астам тұрғын таза сумен қамтамасыз етіледі

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Аудандағы негізгі нысандардың бірі – "Ақсай" сүзгі станциясы

Бұрын ауыз су мәселе болған Алматының бес шағын ауданы жыл соңына дейін сумен жабдықтауға қосылады. Бұл туралы Алматының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады. 

Наурызбай ауданында үздіксіз су жеткізуді қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2025 жылдың соңына дейін Таужолы, Тастыбұлақ, Таусамалы, Ақжар және Шұғыла шағын аудандары үздіксіз су жүйесіне қосылады. "Ақсай" сүзгі станциясының құрылысының арқасында әр үйге таза ауыз су келеді. 

Аудандағы негізгі нысандардың бірі – "Ақсай" сүзгі станциясы. Ол 100 мыңнан астам тұрғынды таза сумен қамтамасыз етеді. 

Станцияның қуаты тәулігіне 22 мың текше метр, бұл барлық шағын аудандарды тұрақты сумен жабдықтауға жеткілікті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау