Алматыда жаңа су желілерін іске қосу бойынша жоспарлы жұмыстарға байланысты бірнеше шағынауданда суық су өшіріледі, деп хабарлайды "Алматы су".
Баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты 2 наурызда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Ұлықбек көшесінің бойында, Момышұлы көшесінен Сайын даңғылына дейін орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру шектеледі.
Сонымен қатар мына шағынаудандарда: Жетісу-1, Жетісу-3, Ақсай-4, Ақсай-5, Достық суық су болмайды.
"Бұл шаралар қауіпсіздікті және жұмыстың сәтті аяқталуын қамтамасыз ету үшін қажет", – делінген хабарламада.