Алматыда заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үй бұзылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Жауапты мекеме жоспардан тыс тексеруге кіріскен.

Алматыда заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылды, деп хабарлады қала құрылысы бақылау басқармасы.

Заңсыз нысан Черновицкая көшесінде орналасқан.

"Меншік иесі жеке тұлға, құрылысқа рұқсат құжаттары болмаған. Сәулет жоспарлау тапсырмасы, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарлама жасамаған", – делінген хабарламада.

Заңсыз құрылыс туралы тұрғын шағым айтқан. Жауапты мекеме жоспардан тыс тексеруге кіріскен.

Кейін Алматы қаласының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде 2023 жылғы 7 қыркүйекте заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарған. Нысанды бұзуға меншік иесі ерікті түрде келіскен.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз