Алматыда басқарма басшысының орынбасары 6 жылға сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Жалпы сомасы 21 миллион теңгеден астам екі автокөлік құралы түрінде мүлкі тәркіленді.

Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрбол Қажиннің үкімін жариялады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратынша, ол аула аумақтарын санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға жәрдемдесу сылтауымен 19,5 миллион теңге сомасында жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.

"Нұрбол Қажинге мемлекеттік қызметте және мемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы үкіммен мемлекет кірісіне айналатын жалпы сомасы 21 миллион теңгеден астам екі автокөлік құралы түрінде мүлкі тәркіленді", – делінген ақпаратта.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары