USD: 474.7 / 477.3
  • EUR: 541.0 / 546.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Алматыда 189 рет жол ережесін бұзған электромобиль иесі қолға түсті

Оған салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 6,5 миллион теңгеден асып кеткен.

Алматы полициясы 6,5 миллион теңге айыппұл төлемеген шетелдік көлікті ұстады, деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жергілікті полицияның құрығына Zeekr маркалы автокөлігі түскен. Полиция дерегінше, оның жүргізушісі 189 рет жол ережесін бұзыпты.

Фото: Алматы қаласы полиция департаменті

 

"Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды", – деді, Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда Көлік және логистика институты құрылады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау