16 минутқа кідірген: жолаушылар пойызының жолын джип жауып тастады

Фото: "Қазақстан темір жолы"
Фото: "Қазақстан темір жолы"
Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің кесірінен пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды.

"Алматы-Павлодар" жолаушылар пойызының жолын джип жауып тастады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы". 

Оқиға 12 наурызда сағат 15:46-да "Медеу–Жетісу" аралығында болған.

"Алматы-2–Павлодар" бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі теміржолға белгіленбеген жерден шығып, рельстер арасында қысылып қалған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің кесірінен пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды. Өтіп бара жатқан теміржолшылар жедел түрде жол талғамайтын көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарған, ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен", – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан пойыз 16 минутқа кідірген. Қазіргі уақытта полицияның желілік басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз