Ауа сапасы көптеген қазақстандықтар үшін өте маңызды мәселе, сондықтан АҚШ елшілігі ауа сапасы мәселелері бойынша үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс жасайды. Ауа сапасын жақсарту баяу және кейде қиын процесс болуы мүмкін, бірақ таза ауа барлығына пайда әкеледі және тіпті экономиканың өсуіне көмектеседі.
Ешкім ластанған ауамен тыныс алғысы келмейтіндігімен бәріміз келісе аламыз, бірақ көптеген адамдар таза ауа немесе экономикалық өсімнің арасын таңдау керек деп санайды. Біздің АҚШ-тағы тәжірибеміздің дәлелі керісінше: ауа сапасын жақсарту экономикалық өсімге кедергі жасамайды, керісінше, оған жағдай жасайды. Адамдар ауруға аз шалдығады, бұл денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтады және өнімділікті арттырады. АҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі жариялаған сараптамалық зерттеуге сәйкес, Америка Құрама Штаттарында ауа сапасын жақсартуға салынған әр доллар 30 доллар пайда әкелді. Басқаша айтқанда, АҚШ-та 1980 жылдан 2018 жылға дейін жалпы ластаушы заттардың шығарындылары 68%-ға төмендеді, ал біздің ішкі жалпы өніміміз сол кезеңге қарағанда 175%-ға өсті.
Қазақстанның еш айырмашылығы жоқ, және оның ұқсас траекториясы бойынша алға жылжуға мүмкіндігі бар. Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі (Қазгидромет) бүкіл ел бойынша 146 ауа сапасын бақылау станцияларынбасқарады және апта сайын ауа сапасы туралы есептер жариялайды. Сонымен қатар, олар бүкіл елдегі барлық автоматты бақылау станцияларында ауа сапасын нақты уақыт режимінде бақылауға арналған мобильді қосымша әзірледі. Бақылау желісінен басқа, наурыз айында "Қазгидромет" airkaz.org тәуелсіз үкіметтік емес ауа сапасын бақылайтын сайтының деректерін өз есептерінде пайдалану үшін airkaz.org операторымен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандум ауа сапасын басқаруға үкіметтік емес серіктестерді тарту арқылы қазақстандықтарға тікелей пайда әкеледі.
Десек те, бақылау ауа сапасын жақсартудың алғашқы қадамы ғана. Келесі қадам – қауіпті ластаушы заттардың, мысалы, 2,5 микроннан аз диаметрі бар (PM 2.5) қатты бөлшектердің концентрациясын азайту сияқты нақты мақсаттар мен басымдықтарды белгілеу. Бұл өте ұсақ бөлшектер адам өкпесіне еніп, оның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, бүкіл әлем бойынша РМ 2.5 бөлшектерімен дастану 2016 жылы 4,2 миллион адамның мезгілсіз өлімінің негізгі себебі болды. Тағы бір қадам – PM 2.5 сияқты негізгі ластаушы заттардың көзін анықтаудың ғылыми негізделген әдістері болып табылатын көздерді бөлу саласында зерттеулер жүргізу. Бұл ақпарат арқылы үкімет нақты көздерге назар аударып, шығарындыларды азайту бойынша шаралар қолдана алады.
Қазақстан дұрыс жолда келе жатыр және мен АҚШ елшілігінің ауа сапасы мәселелері бойынша көптеген үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен атқарған жұмысын мақтан тұтамын. Біз 2018 жылы елшілікте ауа сапасының мониторын орнаттық, Қарағанды облысының бірнеше мектептеріндегі оқушылардың ауа сапасын бақылау жобасын қаржыландырдық, мемлекеттік қызметкерлердің, азаматтық көшбасшылардың және тәуелсіз зерттеушілердің ауа сапасын жақсарту бойынша қалай бірігіп жұмыс істейтінін білу үшін алмасу бағдарламасы арқылы қазақстандық сарапшылардың АҚШ-қа сапарынұйымдастырдық, жақында АҚШ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі Орталық Азия үшін ауа сапасын басқару бойынша семинар ұйымдастырды, оны "Қазгидромет" Нұр-Сұлтанда өткізуді ұсынды. Семинар басқа да іс-шаралар сияқты, Covid-19 салдарынан кейінге қалдырылды, сәті түсіп, жағдай жақсарғаннан кейін ол Нұр-Сұлтанда өтеді.
Көптеген америкалықтар таза ауаның қажет екені айтпаса да түсінікті деп ойлайды, десе де осыған дейін кейбір қалалардың ауасы соншалықты қатты ластанғанын мойындау керек. Біз көп қиындықты жеңіп, жетістікке жеттік, және Қазақстан АҚШ алған білімді пайдалана алады және бүкіл ел бойынша ауа сапасын жақсарту үшін ғылым мен технологияны қолдана алады деп сенемін. Ауа сапасы туралы хабардарлық апталығы 8 мамырда аяқталады, бірақ біздің жұмысымыз жалғаса береді.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🏃📱 Одному из участников ночного забега в Астане подарят iPhone 15 Pro
- 6244
- 0
- 18
-
2🎉 Группа Orda, ансамбль "Яшлык" и V$XV Prince. Как интересно провести выходные 23 и 24 ноября в Астане и Алматы
- 4168
- 1
- 6
-
3🟢 Лицензирование детских садов введут в Казахстане с 2027 года
- 2390
- 3
- 18
-
4👨⚕️ Пациенту ампутировали ногу по вине врача: хирург избежал реального срока в ЗКО
- 2419
- 2
- 39
-
5🟢 Премию Михаила Дорофеева вручили основателю проекта Protenge Джамиле Маричевой
- 2494
- 0
- 8
-
6🟪 Ерлан Карин: Число вышедших из казахстанского гражданства с 2019 уменьшилось более чем в 16 раз
- 2386
- 6
- 103
-
7🛍Казахстанцы не стали реже запрашивать потребительские займы после введения новых ограничений по кредитованию
- 2500
- 0
- 9
-
8🌡Прогноз погоды на 21 ноября: метель и гололёд ожидаются на севере и востоке Казахстана
- 2610
- 0
- 5
-
9🆕🆕🆕🆕 Таразский университет использовали для фиктивной регистрации мигрантов
- 2353
- 1
- 16
-
10💬💬 "Мать была на работе..." О гибели четырёх детей при пожаре в Астане
- 2316
- 2
- 26