Кейбір мемлекет әлемдік аренада бар-жоғы білінбесе де, Қазақстан үшін маңызға ие. Сондай елдің бірі – Түрікменстан. Былай қарасаңыз, бейтарап саясатын ұстанатын, Архадагты ардақтайтын, өз-өзімен жатқан халық. Бірақ бізге пайдасы бар. Бүгін сол Түрікменстанның президенті Сердар Бердімұхамедов Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізді.
Екіжақты әңгіме барысында, кеңейтілген құраммен кездесуде Тоқаев қазақ пен түрікмен ежелден достығы жарасқан туыс халықтар екенін атап өтті. Стратегиялық серіктестікті нығайтамыз деп айтты. Мұны протоколдық сөз ретінде қарауға да болады. Бірақ Түрікменстан біз үшін логистика саласында маңызға ие болып тұр.
Қазіргі таңда екі ел арасында теміржол, автомобиль, су көлігі салаларында ортақ жобалар бар. Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейінгі жолдың құрылысы жүріп жатыр. Өз кезегінде Түрікменстан тарапы "Түрікменбашы – Гарабоғаз – Қазақстан шекарасы" трассасының құрылысына кірісті. Сондай-ақ Гарабоғазгол шығанағына көпір салып жатыр. Мұндай жобаның бәрі көлік қатынасын жақсартып, жүк тасымалын арттырады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Түрікменстан бірқатар бағыт бойынша жаңа келісімдер жасасты
Сол секілді Қазақстан "Тургунди – Герат – Қандағар – Спин-Булдак" бағыты бойынша теміржол желісін Түрікменстанмен бірлесіп салуға қызығушылық білдіреді. Себебі түсінікті. Тургунди деген Ауғанстан мен Түрікменстан шекарасында орналасқан. Спин-Булдак дегеніңіз Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан қала. Егер темір жол желісі аяқталса, қазақтың астығы мен тауарын Оңтүстік Азияға молынан жеткізуге мүмкіндік туады.
Бүгінгі кездесуде сауда-экономикалық байланысты нығайту туралы сөз қозғалды. Былтыр сауда-саттық көлемі 555,7 миллион долларды құрады. 335 миллион доллардың тауарын экспорттаған екенбіз. Биыл да алыс-беріс артып келеді. Тауар айналымын миллиард долларға жеткіземіз деген әңгіме айтылды. Дегенмен ең бастысы, Түрікменстанмен арадағы логистиканы дамыту Қазақстанға Оңтүстік Азия нарығына шығуға жол ашады.
(Жазба Қазбек Майгелдиновтің Facebook парақшасынан алынды)
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🥩🥒 Сельскохозяйственная ярмарка выходного дня пройдет в Астане
-
11674
-
0
-
5
-
-
2📚Частным школам в Казахстане изменят правила игры
-
7693
-
1
-
125
-
-
3💵 Паспорта, удостоверения и права: сколько казахстанцы заплатят за документы в 2026 году
-
2893
-
2
-
15
-
-
4🚌 Новый автобусный маршрут до аэропорта запустят в Алматы
-
2768
-
1
-
15
-
-
5‼️ Ну что, друзья, теперь это можно сделать без очередей. Выбрать госномер для авто по своему желанию теперь можно онлайн в Казахстане
-
2730
-
1
-
12
-
-
6⚠️ Доброе утро! Обзор главных новостей за 16 января для вас
-
2372
-
5
-
6
-
-
7🚗Друзья! На севере и востоке Казахстана из-за непогоды местами ограничили движение по всем направлениям.
-
2555
-
1
-
8
-
-
8🎅Мороз со снегом дошли и до юга Казахстана!
-
2465
-
0
-
12
-
-
9📱 Блогера задержали за вымогательство в Туркестанской области
-
2519
-
3
-
25
-
-
10👵Пенсионная реформа – 2026: какие налоговые льготы и ограничения начали действовать
-
2442
-
0
-
8
-
USD:
497.1 / 500.1
EUR:
588.0 / 592.0
RUB:
6.43 / 6.55