Біржақты қабылдауға болмайды. Меніңше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс айтады. Неге барлығы қазақ жерінде тұрып Ресей тілінде сөйлеуі керек? Қазақша тіл қатып, ана тілде сөйлегендерге орысша жауап бер деп міндеттеуге ешкімнің құқы жоқ.
Мен өз елімде тұрып ана тілімде сөйлеймін. Өзге тілде сөйлеуге, жазуға ешкім мәжбүрлей алмайды. Ал мен ұлтына бөлместен қоғамдық орындарда маған мемлекеттік тілде қызмет көрсетіп, қазақ тілінде жауап беруді талап етемін. Себебі, ана тілім - қазақ тілі.
Ал, жайдан-жай көшеде кетіп бара жатқан өзге ұлт өкілін немесе тілі орысша шыққан қазақтарды, жағдайын көріп тұрып оларға қасақана “қазақша сөйле” деп тиіспеймін. Себебі, біздің болмыс, мәдениет дөрекілікті қолдамайды.
Оқи отырыңыз: Азаматтар бір-бірін "мына тілде сөйле" деп мәжбүрлемеуге тиіс – мемлекет басшысы
Қазақ тілін басқаға мәжбүрлі түрде үйрету дұрыс емес. Тілге шын жанымыз ашыса, онда әр қазақ өз отбасында, өзара ана тілде сөйлесу керек. Тілді қолдаудың, дамытудың бұдан артық үлгісін, тәсілін білмеймін.
Қазақ тілін енді үйреніп жүргендерге едірейе қарамай, керісінше, олардың ұмтылысына жылылықпен, қуанышпен қарап, қолдау, жақын тарту орыс тілді азаматтарды жігерлендіреді деп түсінемін.
Соңында айтарым, қазақ тілі ең алдымен қазақтарға керек. Оны сақтау да, жоқ қылу да өзімізге байланысты.
(Жазба Ертай Нүсіпжановтың Facebook парақшасынан алынды)
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🔖Справку о годности к воинской службе теперь можно получить на портале e-Gov
-
10551
-
1
-
10
-
-
2🚘 Время для прогрева авто зимой будут устанавливать регионально: Токаев подписал закон
-
3012
-
0
-
20
-
-
3👀 Банки спишут кредиты? В АРРФР прокомментировали слухи в социальных сетях
-
2749
-
0
-
17
-
-
4😔 Двойное убийство в Кызылорде: мать и дочь погибли от рук соседа
-
2781
-
3
-
50
-
-
5😱 Поножовщина в Экибастузе: мужчина погиб, женщину доставили в больницу
-
2865
-
1
-
40
-
-
6🤩 Редкий парад планет смогут увидеть жители Земли 22 января
-
2945
-
1
-
19
-
-
7⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 9 января
-
2711
-
0
-
7
-
-
8🧮 В КГД объяснили причины отказов при переходе на упрощёнку
-
2959
-
1
-
12
-
-
9🌡Друзья, морозы потихоньку отступают на севере и востоке страны!
-
2852
-
0
-
5
-
-
10⚡️ 11 миллиардов тенге взыскали в пользу дольщиков Астаны
-
2681
-
0
-
16
-
USD:
511.3 / 515.3
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.29 / 6.49