Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Қостанай облысы "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметтері дәлел.

  • "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстары;
  • "Сары" аймақта – Шымкент қаласы және Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "Жасыл" аймақта – Түркістан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары.

Ұлттық орташа көрсеткіш бойынша Қазақстан "қызыл" аймақта.

Карантиндік шектеулердің күшеюі немесе әлсіреуі өңірдің коронавирустық инфекцияның таралу аймағындағы орнына байланысты.

Оқи отырыңыз: