Жылу беру маусымы: Қазақстанның аймақтарында жылу қашан беріледі
Энергетика министрлігі кесте жасады.ҚР Энергетика министрлігі жылумен қамтамасыз етілмеген өңірлерді жылумен қамту кестесі туралы айтты. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылу келесі тәртіппен беріледі:
- 3 қазан – Алматы облысы;
- 10 қазан – Ұлытау облысы;
- 15 қазан – Алматы, Абай, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, БҚО, Қызылорда, Маңғыстау облыстары;
- 20 қазан – Шымкент;
- 25 қазан – Түркістан облысы.
Ең суық өңірлер – Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қазірдің өзінде жылу берілді. Ең алдымен жылумен қамту әлеуметтік нысандарға қосылған.
Оқи отырыңыз: Жылу беру маусымына дайындық: Нені ұмыттыңыз, бірге тексерейік.
"Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23-і қосылды. Тұрғын үйлерге ыстық су тартылды. Екібастұзда 90 әлеуметтік нысанның 26-сы, Астанада 240-тың 86-сы қосылды", – деп жазылған хабарламада.