Ұлттық қауіпсіздік комитеті жыл басынан бері жанар-жағармай материалдарын Қазақстаннан тыс шығарудың 1 205 әрекетінің жолын кесті.

Бір ғана қазан айының өзінде мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолы кесілді.

"Мұнай өнімдері қосымша орнатылған газ бактері, қайта жабдықталған газ баллондары және әртүрлі шаруашылық контейнерлері арқылы автомобиль көлігімен тасымалданды", – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жіберілді.

Еске салайық, қазан айында энергетика министрлігі жанар-жағармайды автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға тыйым салатынын хабарлаған болатын. Бұл шектеулер ЕАЭО елдеріне де әсер етті.

Ал үкімет шекара бекеттеріндегі жанар-жағармайды алып шығуға бақылауды күшейтуге уәде берді.