Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысын ауыстырды.

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Ботақанов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылып, бұл лауазымға Аңсаған Балтабеков тағайындалды.

Еркін Ботақанов бұл лауазымды 2022 жылғы 19 қаңтардан бері атқарған еді. Аңсаған Балтабеков бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарған болатын.