Кездесуде елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыс талқыланып, үшінші мегополистің мүмкіндіктері жан-жақты айтылды. 

Сондай-ақ, аталған компания құрылтайшылары ынтымақтастықты одан әрі арттыру мақсатында Шымкентте кілем және кілем бұйымдарын өндіруді іске асыруға мүдделі екендерін жеткізді. Инвестициялардың жоспарланған сомасы – шаршы метріне 10 млн АҚШ доллары. Жоба жүзеге асқан жағдайда жаңадан 300 жұмыс орны ашылады деген жоспар бар. 

"Шымкенттің әлеуеті өте жоғары. Шаһарға инвестиция салушылардың қатары күннен-күнге артып отырғаны бізді қуантады. Халыққа пайдалы болатын әрбір жобаны қашан да қолдауға дайынбыз", – деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Ал компания директоры Искандер Каплан өндірістің қала экономикасындағы экспорт үлесін арттыруға септігін тигізе отырып, жергілікті халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына басымдық беретінін атап өтті.