Шымкент әкімі жиын өткізіп жатқан: Антикор қызметкерді алып кеткен сәттің видеосы тарады
Шымкентте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Азат Момыновты мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен өтіп жатқан жиын үстінде алып кетті.
"Лауазымды тұлға 216 тұрғын үйдің жер сілкінісіне төзімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін бөлінген бюджет қаражатын алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бірге жымқырды деген күдікке ілінді. Келген шығынның алдын ала сомасы 120 млн теңгені құрайды", – деді Антикор.
Момынов изоляторға қамалды. Әкім Сыздықбеков оны ұстап әкеткен сәттің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Видеода Момынов сыбайлас жемқорлық қызметкерлеріне қарсы сөз сөйлейді.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы жемқорлық дерегін хабарлаған адам 13,8 млн теңге сыйақы алады
"5 ай көлемінде әріптестерімді мұндай әрекеттерге көз жұма қарай алмайтынымды айтып, ескертіп келемін", – деді әкім.
Әкім қала әкімшілігі қызметкерлерін бұл жағдай ойландыратынына сенімді.
"Біз тек өз жұмысымызды адал атқарып, парызымызды орындап, елге ризашылық білдіруіміз керек", – деді Сыздықбеков.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Сыбайлас жемқорлықпен күрес – менің стратегиялық мақсатым