Калифорния университетінің зерттеушісі Джейсон Нагата бастаған ғалымдар тобы 1985 жылдан бері электронды құрылғылардың адам денсаулығына қалай әсер ететіні бойынша жүргізген зерттеуінің нәтижелерін жариялады. Зерттеу барысында 4 мыңнан астам жастың өмірі мен денсаулығы бақылауға алынған. 

Зерттеу нәтижелері 20 жасқа дейін экран алдында өткізген әрбір сағат оның 60 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігін азайтады екен. Бұл қауіп, әсіресе, ерлер арасында жоғары. 

"Орта жастар жағдай одан сайын күрделене түседі. Тәулік ішіндегі экран алдындағы әрбір сағат жүректің ишемиялық аурулары пайда болу қаупін 55 пайызға, инсульт қаупін 58 пайызға, жалпы жүрек аурулары қаупін 32 пайызға арттырады", – делінген зерттеуде. 


Оқи отырыңыз: Баланың смартфонына "Ата-ана бақылауын" қалай қосуға болады? Шағын нұсқаулық


Сондай-ақ, Джейсон Нагата жас кезде смартфон алдында көп отыру әдеті адамдың физикалық белсенділігін төмендетіп, ұйқы режимін бұзатынын айтады және бұл әдет адамда өмірінің соңына дейін сақталып қалады. 

Сондықтан, зерттеушілер, жұмыстан тыс уақытта электрондық құрылғыларды тәулігіне екі сағаттан артық қолданбауға кеңес береді. Сондай-ақ, жатар алдында экранға телміруден мүлде арылу қажет. 

"Цифрлық детокс" – ұйқыны реттеп, өзіңді тәртіпке салып, денсаулықты жақсартудың ең дұрыс жолы", – дейді зерттеушілер.