Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа автобус бағыты ашылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі. 

"15 қазаннан бастап үлкен сыйымдылықтағы автобустар "Райымбек" метро бекетінен Есікке дейін қатынайды, соңғы аялдамасы – Еңбекшіқазақ ауданының Қызылжар ауылы. №252 бағытында 25 автобус қызмет көрсетеді, жүру аралығы 10 минут. Бұл бағытқа "Ecobus Servise" ЖШС қызмет көрсетеді", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда 34 қала маңы бағыты ашылып, оларға 491 автобус бөлінген болатын. Жыл аяғына дейін Алматы агломерациясындағы 70-ке жуық елді мекенді қамтитын тағы 19 бағыт ашу жоспарланып отырғаны айтылды.