Қазақстанда 1929-1956 жылдар аралығында қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат картасы жария етілді, деп хабарлады Бас прокуратура.

"Арнайы қоныс аударушылардың 251 мың ісі Президент мұрағатына тапсырылды. Бұл құжаттар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады. Жыл соңына дейін 265 мың іс тапсырылады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қарағанды концлагерінің құпиясы. Сіз білмеген деректер.


Репрессияға ұшыраған 311 мың адам ақталды. Олардың қатарында қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталғандар, жер аударылғандар және арнайы қоныс аударушылар бар.