Қамсақты, Баянтай, Арай ауылы: Солтүстік Қазақстанда бірқатар елді мекенге қазақша атау беріледі
Алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар елді мекен атауы қазақшалануы мүмкін.Ашық НҚА порталы жариялаған әкімдік қаулысы мен өңірлік маслихаттың бірлескен шешім-жобасында Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар ауылдың атауы өзгеретіні жазылды.
Құжатта Айыртау ауданының Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылын – Қамсақты ауылы, Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылын – Баянтай ауылы деп атау ұсынылған.
"Шал ақын ауданының, Кривощеков ауылдық округі – Арай ауылдық округі, Кривощеково ауылы – Арай ауылы деп қайта аталсын", – деп жазылған облыстық әкімдік пен мәслихат шешімімен дайындалған қаулыда.
Жоба 7 қыркүйекке дейін қоғам талқылауында болады.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында тағы 2 елді мекеннің атауы қазақшаланады.