Электрондық үкімет порталы арқылы қате төленген әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтару бойынша сервис іске қосылды, деп хабарлайды Информбюро.

Пилоттық жоба қызмет алушылар үшін қате аударылған қаражатты қайтару жолын жеңілдетіп қана қоймай, Мемлекеттік   корпорация қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтай  азайтады.

"Өтінім беру үшін жұмыс берушіге электрондық үкімет порталындағы деректерді толтыру қажет. Сондай-ақ, төлеушінің деректемелерін және оның төлем тапсырмасының деректерін көрсету қажет", – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Айта кетейік, қате аударылған әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын қайтару, жүктілік және 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша берілетін әлеуметтік төлемдерінің дұрыс есептелуі мен тағайындалуы үшін қажет.

"Бұған дейін жұмыс берушілер Мемлекеттік корпорацияға келіп, ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті қағаз күйінде тапсыратын. Одан бөлек өтініштер пошта қызметі арқылы жіберіліп, оларды жеткізу ұзақ уақытты талап ететін. Біз азаматтардың қолайлығы үшін eGov.kz порталында осы сервисті іске қостық. Енді жұмыс берушілер мен төлеушілер, өтінішті онлайн жіберіп, уақыттарын едәуір үнемдей алады. Сондай-ақ, жаңа сервистің арқасында қызмет көрсету мерзімі 15 күннен 12 жұмыс күніне   дейін   қысқартылды. Сонымен қатар,   өтініш берушілер өтінішінің қаралу дәрежесін бақылай алады", деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Айта кетейік, бұл сервис ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында бірлесіп жасалған бұйрық нәтижесінде іске асырылды.


Оқи оырыңыз: Tax free пилоттық жобасына Шымкент қаласы қосылады.